Айдос Үкібай Елбасы еліміздегі жағдайды жіті бақылап отырғанын айтты
Айдос Үкібай Елбасы еліміздегі жағдайды жіті бақылап отырғанын айтты
© сурет интернеттен алынды
178
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы  Айдос Үкібай оның немен айналысып жатқанын айтып берді.

"Елбасы жағдайды жіті бақылап отыр. Қауіпсіздік Кеңесі хатшысынан өзекті ақпарат алады. Саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысып, Қазақстанның Президентіне қолдау көрсетуде, - дейді ол.

Айдос Үкібайдың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев қазір халыққа жергілікті жерлерде көмек көрсетіп жатқан Nur Otan партиясының жұмысын үйлестіріп отыр. Сондай-ақ Елбасының бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қорының жұмысы да ерекше бақылауда.

Бұдан басқа, Елбасы Дүниежүзілік экономика және саясат институтына әлемдегі жағдайды және Қазақстанға жағымсыз жаһандық ықтимал әсерлерді зерттеу бойынша сараптамалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Бұл деректер тиісті мемлекеттік құрылымдарға да жіберіледі.

"Бүгінгі таңда бар күш-жігерімізді халықтың қауіпсіздігі мен қорғауға жұмсап жатырмыз. Біз өркендейтін мемлекет құрған мықты халықпыз. Бірлігіміздің арқасында талай сыннан сүрінбей өттік. Бұл қиындықты да жеңетінімізге сенемін», - дейді  Үкібай.