Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов Central Asia Fintech Summit 2026 форумында айтты.
Қазақстандықтар шетелде  арқылы төлем жасай алады
194
оқылды

Ұлттық банк қазақстандықтарға шетелде өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігін енгізуді жоспарлап отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жаленов Central Asia Fintech Summit 2026 форумында айтты.

Оның сөзінше, қазір 11 елмен трансшекаралық QR-төлемдерді іске қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында Қытай, Үндістан, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан мен Өзбекстан бар.

Қытайда бұл жүйені 2026 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Қалған бағыттардың басым бөлігі бойынша алғашқы төлемдер 2027 жылдың бірінші жартысында қолжетімді болуы мүмкін.

Жүйе іске қосылса, қазақстандықтар шетелдегі дүкен немесе мейрамхананың QR-кодын өз банкінің қосымшасы арқылы сканерлеп, төлем жасай алады. Сондай-ақ шетел азаматтарынан QR-код арқылы Қазақстанға ақша қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.

Трансшекаралық төлем үшін алынатын комиссияны әр банк өзі белгілейді.