Астанада 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатынан секіріп, төменде балалар арбасында отырған бейтаныс екі жасар баланың үстіне құлаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Салдарынан әйел де, бала да мерт болды.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, әйел де, бала да алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Ол құлаған кезде аулада балалар арбасында отырған екі жасар сәбидің үстіне түскен.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
