Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынып, 15 тәулікке қамалады
Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынып, 15 тәулікке қамалады
© сурет интернеттен алынды
155
оқылды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин режимі күшейтілген кездегі көшеде жүру талаптарын баяндады. - Қоғамдық көліктің жұмысы мәселесін әкімдіктер пысықтап жатыр. Жағдайға қарай қоғамдық көлік қозғалысы шектелуі мүмкін. Саябақтар мен аллеяларда патруль жүргізіледі. Азаматтар үй жануарларын тұрғын үй маңында серуендете алады. Ал егер азаматтар басқа себептермен шықса, алдымен ескерту жасалады, одан кейін 26 жарым мың теңге көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфиріндегі мәлімдемесінде. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Одан бөлек, ТЖ кезеңіне билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Айта кетейік, қазір коронавирус инфекциясымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді.