Түркияның SunExpress әуе компаниясы Астана – Измир бағыты бойынша рейстер ашуды жоспарлап отыр.
Астанадан Түркияның тағы бір қаласына тікелей ұшу рейсі ашылады
Фото: gov.kz
168
оқылды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тұрақты негізде әуе қатынасының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Түркияның SunExpress әуе компаниясының өкілдерімен кездесті.

SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 әуе кемелерімен орындалады.

Сонымен қатар , 25 қазаннан бастап әуе компаниясы Алматы – Измир қолданыстағы бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттырады.

Әуе қатынасының ашылуы және рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.