Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова «Әділет» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдап, 30-дан астам қазақстандыққа құқықтық және консультативтік көмек көрсетті.
Депутат консультативтік көмек көрсетті
123
оқылды

Еліміздің әр өңірінен келген тұр­ғындар тұрғын үй, сот даулары, мү­лік­тік құқықтарды қорғау, құқық қорғау ор­гандары мен сот орындаушы­лары­ның жұмысына қатысты мәселелермен жү­гінді. Қабылдау барысында әлеу­мет­тік қолдау және денсаулық сақтау са­ласындағы мәселелер де көтерілді. Өтініштердің бір бөлігі тұрғын үй дау­лары бойынша сот шешімдерін орын­дау, тұрғын үй беру кезегі және қыл­мыс­тық істерді тергеуге қатысты бол­ды.

Өтініш білдірушілердің қатарында Түркістан облысының тұрғыны Мә­лика Тасболатова да бар. Оның ай­туын­ша, бес жыл бұрын қоғамдық та­мақ­тану нысанын дамытуға 135 млн тең­геден астам қаржы салған. Алайда бір жылдан кейін ол нысанды босатуға мәж­бүрлеген. Осы факті бойынша қыл­мыстық іс қозғалғанымен, кейін тер­геу бірнеше рет тоқтатылған.

– Мен құжаттар мен сараптамалық қорытындыларды өзім жинап, тергеу органдарына тапсырдым. Ұсынылған барлық материалдың зерделеніп, істің заңға сәйкес қаралуын сұраймын, – деді Мәлика Тасболатова.

Тағы бір өтініш иесі Оразбай Бақ­тыбековтің айтуынша, құны 65 млн тең­ге болатын дүкенінен айырылған. Кейін нысан басқа адамдардың атына қай­та рәсімделген. Ер адам құқық қор­ғау органдарына жүгінген, алайда іс­тің мән-жайы тиісті деңгейде тек­серіл­м­еген.

– Азаматтардың әрбір өтінішінің ар­тында нақты мәселе тұр. Сондықтан қа­былдау кезінде тұрғындарды тыңдап қа­на қоймай, олардың мәселесін ше­шудің нақты жолдарын қарастыру маңыз­ды. Азаматтардың мәселелері бойын­ша тиісті мемлекеттік орган­дар­ға депутаттық сауалдар жолданып, кө­терілген мәселелердің қаралу бары­сын бақылауда ұстаймын, – деді Ай­жан Аймағанова.

«Елімай» футбол клубының пре­зи­д­енті Асқар Ұранхаев заңнамаға өз­ге­рістер енгізіп, ресми спорттық жа­рыс­тардың нәтижелеріне қасақана заң­сыз ара­ласқаны үшін жауапкерші­лік көз­дей­тін жеке норма белгілеуді ұсын­ды.

Қабылдау барысында келіп түскен барлық өтініш талданады. Қосымша қа­рауды қажет ететін және уәкілетті мем­лекеттік органдардың араласуын та­лап ететін мәселелер депутаттың ба­қылауында болады.

Бекбол АМАНГЕЛДІ