Коронавирусқа шалдыққан жұлдыздар кімдер?
Коронавирусқа шалдыққан жұлдыздар кімдер?
© Сурет интернеттен алынды
327
оқылды
Міне, бұл дерттің адамды бай мен кедейге, ұлт пен нәсілге, дінге бөлмейтінін көрсетті. Бүгінде коронавирусқа шалдыққандардың ішінде саясаткер де, әнші де, актер де бар. Олар – Лев Левшенко, Том Хэнкс, Кристофер Хивью, Ольга Куриленко және тағы басқалары. Оның арасында осы індеттен қаза болғандар тағы бар. [caption id="attachment_31075" align="alignnone" width="1024"]марк © Сурет интернеттен алынды[/caption]   Мәселен, америкалық актер Марк Блум сол қаралы тізімде. Оның коронавирусқа шалдыққаны 26 наурызда анықталған. Сырқаттының асқыныуынан ол 69 жасында көз жұмды. 80 жуық рөлде ойнаған актерге танымалдылықты «Крокодил Данди», «Клан Сопрано», «Свидание вслепую» және «Шаг вперед 3D»  секілді фильмдері әкелді. [caption id="attachment_31076" align="alignnone" width="1024"]саксавон © Сурет интернеттен алынды[/caption]  Сол қаралы тізімнің басы сейсенбіде басталды. Парижде шоу-бизнес әлемінің танымал жұлдызы, саксафонист әрі әнші Ману Дибанго қайтыс болды. 86 жастағы әнші Камерунның тумасы екен. Ол – афро-джаз музыканың негізін қалаушылардың бірі еді. Бала кезінен Францияға оқуға жіберілген ол, осыдан әуенге ғашық болған екен.  [caption id="attachment_31077" align="alignnone" width="1024"]актер © Сурет интернеттен алынды[/caption] 63 жастағы актер Том Хэнкс пен келіншегі Рита Уилсоннан  коронавирустық инфекциясы 12 наурызда табылған. Австралиядан Элвис Пресли жайында фильмнің түсірілімнен келісімен олар өздерін жайсыз сезініп, Квинсленд штатындағы аурухананың бірін жатқызылды.
Бүгінде емханадан шыққан ерлі-зайыпты Австарлияда бір үйді жалға алып, оқшаулануда. Актер Twitter парақшасында «Осыдан екі апта бұрын коронавирустық алғашқы белгілері шыққандағымен салыстырғанда қазір хал-жағдайымыз әлдеқайда жақсы» деп жазған.     
[caption id="attachment_31079" align="alignnone" width="1024"]игра престолов © Сурет интернеттен алынды[/caption]          Ал «Игра престолов» телехикаясында Тормунд рөлін сомдаған актер Кристофер Хивьюды да, осы індетке шалдыққаны жайында біраз бұқаралық ақпарат құралдары жазған еді. Кейін тексере келе оның сырқаты әшейін салқын тиген болып шықты. Артынан өзінің және отбасының амандығын мәлімдеген болатын.    [caption id="attachment_31083" align="alignleft" width="401"]опера © Сурет интернеттен алынды[/caption]            Мысалы әлемнің опера жұлдызы Пласидо Доминго өзінің коронавирус жұқтырып алғанын Facebook парақшасында жариялаған. Оның мәлімдеуінше, құрғақ жөтел мазасын алып, ыстығы түспеген соң коронавирусқа тест тапсырып, сырқаты анықталады. Бүгінде әнші отбасымен бірге өз үйінде оқшауланып отыр.  Қазір 79 жастағы  Доминганың жағдайы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.      Ресейдің танымал әншісі Лев Лещенконың коронавируспен ауыратыны жайында ақпарат шыққанымен, оның өкілі бұл ақпаратты әлі растамады. Алайда әншінің жақында ғана гастрөлдік сапармен Америка мен Канада елдерінен келгені белгілі. [caption id="attachment_31085" align="alignnone" width="1024"]Лещенко © Сурет интернеттен алынды[/caption] Міне, сол жақтан кішкен салқындап қалған екен. Соның кесіріне дем жетпей, жан-сақтау бөліміне жатқызылған. Қазір әртістің жағдайы бір қалыпты, арнайы құрылғы арқылы демалып жатыр.   [caption id="attachment_31086" align="alignnone" width="1024"]Чарльз © Сурет интернеттен алынды[/caption] Британ тағының тікелей мұрагері Ханзада Чарльзден тесттің арқасында коронавирусқа шалдыққаны анықталған. Қазір ханзада келіншегі Камилламен Шотландиядағы Балморал сарайында оқшаулануда. Негізі ханзадада бұл сырқаттың жеңіл-желпі түрі ғана. Сондықтан қазір жағдайы жақсы, үйінен жұмыс істеп отыр. Патша үйінен коронавирус тағы бір ханзададан табылды. Ол – Уэльс ханзада. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында.   [caption id="attachment_31088" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption]     «Юта Джаз» ойыншысы Руди Гоберде коронавирус бар екені анықталды. Тіпті оған немқұрайдылық танытып, жаттығуға барғаны үшін айып тағылды. Міне, Бірнеше күн бұрын итальяндық «Ювентус» футбол клубының қорғаушысы Даниэль Руганидан коронавирустық инфекция шықты.   [caption id="attachment_31089" align="alignnone" width="1024"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption]