Продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау көрсеткенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер келінін сахнаға шығару үшін біраз еңбек еткен. Мамандығы актриса болғандықтан өнерге қадам басып, осы бағытта дамығанын құп көргенін айтты.
"Жұлдыздың жұлдызын жандырып бір-ақ шығарсам деген арманым болды. Ол бірінің артынан бірін босанды ғой. Бес бала-шағасы бар. Төрт баладан кейін етек-жеңін жинады ғой. Оған дейін мен Қайраттан қолым босамады. Біреудің қызы ғой деп, әкесінің туған күніне барған кезде уәде бердім. «Бұйырса, Жұлдыздың жұлдызын жағып шығарамын» дедім. Қайрат екеуіне дуэт жазып, бүкіл Қазақстанды аралаттым. Тойларға шықты. Одан өзімнің балам сияқты атақты болып кеткен жоқ. Сөйттім де, тағы жолдарын ойладым. Бір жыл жүгірдім. оңай болған жоқ. Өзінің оқыған оқуы актрисалық болған соң актриса бола берсін деген шешімге келдім. Содан киномды түсірдім", - дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
