Ұлттық ұлан командасы атыс бойынша ІІМ чемпионатының жеңімпазы атанды
Ұлттық ұлан командасы атыс бойынша ІІМ чемпионатының жеңімпазы атанды
238
оқылды

3 қазанда "Алатау" спорт кешенінің базасында IPSC Action Air практикалық атудан Қазақстан Республикасы ІІМ орталық аппаратының чемпионаты өтті.

Жарысқа Ішкі істер органдарының 40 қызметкері мен әскери қызметшілерден жасақталған 19 команда қатысты. Қатысушылар қару-жарақ шеберлігін, дәлдігін, жылдамдығын және практикалық ату талаптарына сәйкес әрекет ету қабілеттерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының командасы иеленді. Екінші орын Өзіндік қауіпсіздік және күзет департаментінің командасына бұйырды, үшінші орынды — Күзет қызметін бақылау комитетінің командасы жеңіп алды.

Чемпионат тәжірибе алмасу және қызметкерлер мен әскери қызметшілердің кәсіби дағдыларын жетілдіру алаңына айналды. 

Айта кету керек, IPSC Action Air практикалық ату дәлдікті, шешім қабылдау жылдамдығын және іс-әрекеттің үйлесімділігін талап ететін элементтерді қауіпсіз форматта қолдануға мүмкіндік береді.