Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Журналист елге оралғаннан кейін Азия ойындары мен отандық спорттағы мәселелерге қатысты бірнеше подкаст жариялауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
«Азия ойындары аяқталды! Айтатын дүние көп. Оны қазір бір постқа сыйдыра алмаймын. Елге аман-есен жеткесін, бір емес, бірнеше подкаст жазылады. Иә, қорқыту-үркітулер болып жатыр. Өте жоғары жақтан. Бірақ осының бәрін мен айтпасам, кім айтады?! Бұл жерде жеке басымның мүддесінен гөрі бүкіл отандық спорттың мүддесі жоғары. Сондықтан бір адым да артқа шегінбеймін», – деп жазды Аслан Қаженов.
Ол жазбасында қандай жағдай болса да, көтеріп жүрген мәселелерін айтудан бас тартпайтынын жеткізген.
«Одан кейін соттайсыңдар ма, өлтіресіңдер ме, маңызды емес. Кезінде шындық үшін Махамбет атамның басын кескен. Бер жағында, яғни өзім көзіммен көргенімді айтар болсам, Амангелді Сейітханды да біраз қудалап, біраз шеттетті. Ақыры өлтіріп тынды. Біз олардың қасында кімбіз?! Басқа түскенін көреміз. Ақиқат қымбат. Соның жолында құрбанбыз», – деп жазды журналист.
