«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы 2011 жылдан бері үздіктерге табысталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Жылдар өте келе номинациялар өзгеріп, жаңа есім мен қоғам қайраткерлері пайда болғанымен, басты қағида өзгеріссіз қалды. Ел үшін еңбек еткен құрметке лайық деп танылған тұлғаларды жұрт өзі таңдайды. 2026 жылға арналған 11 негізгі номинация мынадай:
1. «Жыл мұғалімі»
2. «Жыл ғалымы»
3. «Жыл дәрігері»
4. «Жылдың үздік мәдени жобасы»
5. «Жыл медиа жүргізушісі»
6. «Жыл спортшысы»
7. «Жыл параспортшысы»
8. «Жыл парламентарийі»
9. «Жылдың азаматтық белсендісі»
10. «Жыл саясаттанушысы»
11. «Жылдың медиа тұлғасы».
Үміткерді ұсыну үшін оның аты-жөнін және тиісті санатты көрсетіп, 2026 жылғы жетістіктерін қысқаша сипаттауы қажет.
Претенденттерді ұсыну рәсімі 6-12 қазан аралығында (қоса алғанда) сыйлықтың Facebook парақшасының ресми тобында өтеді. Бұл үшін үміткердің атын атап, номинацияны көрсету және 2026 жылғы жетістіктері туралы қысқаша айтып беру қажет.
Халықтық ұсыну кезеңі аяқталған соң, әр номинация бойынша сыйлықтың дәстүрлі «5+5» формуласы бойынша он үміткерден тұратын тізім жасақталады.
Бес үміткер халықтық ұсыну нәтижелері бойынша анықталса, тағы бесеуін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының Академиясы ұсынады.
Мұндай қағидат халықтың таңдауы мен сарапшылардың көзқарасын ұштастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ашық түрде ұсыну кең көпшілікке аса танымала бола қоймаса да, өз еңбегімен шынайы құрметке лайық болған жандарды халыққа таныстыруға жол ашады.
Өткен он бес маусымда «Халықтың сүйіктісі» атағына мәдениет, білім, ғылым, медицина, спорт, саясат, қоғамдық өмір мен медиа саласының танымал өкілдері ие болды. Енді бұл тарихтың жаңа парағы басталады. XVI маусым.
Басты қағидат өзгеріссіз қалады. Халықтың сүйіктісін тағайындау мүмкін емес. Оны халық өзі таңдайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
