2026 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы канадалық ақын әрі жазушы Энн Карсонға берілді.
2026 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері анықталды
Photo by Don J. Usner
246
оқылды

Бұл туралы Швеция академиясы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

76 жастағы жазушы классикалық әдебиет дәстүрлерін жаңаша түсіндіріп, заманауи әдебиетке тың үлгілер енгізген шығармашылығы үшін марапатталды. Швеция академиясы оның поэзия, проза, эссе және аударма жанрларын шебер ұштастыратынын атап өтті.

Энн Карсон 1950 жылы Канаданың Торонто қаласында дүниеге келген. Ол ежелгі грек әдебиетін зерттеумен және классикалық шығармаларды ағылшын тіліне аударумен танымал. Жазушының белгілі еңбектерінің қатарында «Eros the Bittersweet», «Autobiography of Red», «Men in the Off Hours» және «Norma Jeane Baker of Troy» бар.

Швеция академиясының тұрақты хатшысы Ингрид Карлбергтің айтуынша, жазушы марапат туралы хабарды Исландияда жүргенде естіген. Бұл жаңалық ол үшін күтпеген жағдай болған.

Биыл Нобель сыйлығының ақшалай мөлшері 12 миллион швед кронасын, яғни шамамен 1,2 миллион АҚШ долларын құрайды.

Айта кеткен жөн болар, 2025 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы венгр жазушысы Ласло Краснахоркаиге берілген еді.