Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен бастау алған «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында ұйымдастырылған #Bizbirgemiz pеспубликалық акциясына Nur Otan партиясының Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық филиалдары, облыстық Jas Otan Жастар қанаты, партия белсенділері, кәсіпкерлер мен ерікті жастар белсенді түрде атсалысуда. Аталған топ «Есіктен-есікке» қағидасына сәйкес адрестік көмектерді үлестіріп жатыр.
Адрестік көмекті алушылар санатына жалғызбасты қарттар, аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала бағушылар, жетім балалар, тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлері жатады. Аталмыш акцияға «КазАзот» ЖШС, «Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық мекемесі, «МАЭК Қазатомпром» ЖШС, «СЭЗ Морпорт Актау» АҚ мекемелері, жекелеген сауда орталықтары «Аман», «Дана» және облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы депутаттық фракция мүшелері қолдау білдіруде.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде «Қазір бәріміз күрделі ахуалды бастан өткеріп жатырмыз. Осы орайда, билік органдарына зор жауапкершілік жүктеледі. Мұны естен шығармауымыз керек. Бұл міндетті баршамыз абыроймен атқаруымыз қажет. Вирустың таралу жылдамдығы бәсеңдемей отыр» деген болатын. Коронавирусқа шалдыққандардың саны артуына байланысты төтенше жағдайлар ережесін сақтап, той-садақаға барудан бас тартып, санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң сақтауға шақырамын. Сонымен қатар жастарды партияның еріктілері қатарына қосылуға шақырамын, – деді Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Әбілов Елубай.
Бұл үрдістің нәтижесінде соңғы бір аптаның ішінде Маңғыстау облысы бойынша барлығы 580 отбасыға көмек көрсетілді. Аталмыш көмекке гигиеналық заттар, азық-түлік, медициналық бетперде және өзге де қажетті заттар енген. Акция демалыс күндері де жалғасын тауып, әлі де тұрғындарға қажетті жағдай жасалады.