Түркістан облысында қылмыс деңгейінің жалпы төмендеуі көңілге медеу болғанымен, бұл өңірдегі құқықтық ахуал толық тұрақтанды деген сөз емес. Жекелеген аудан-қалаларда қыл­мыстың өсуі, ауыр қылмыстар мен адам өліміне қатысты істердің тіркелуі, есірткі биз­н­е­сінің жаңа тәсілдерге көшуі қоғамдық қауіп­сіздік саласында әлі де шешімін күткен мәсе­лелер бар екенін көрсетеді.
Қылмыс көрсеткіші азайды
92
оқылды

Өңірдегі ең күрделі бағыттың бірі – есірткінің заңсыз айналымы. Бұл мәселе нашақорлыққа жә­не есірткі бизнесіне қарсы кү­­­реске бағытталған қызметті үй­лестіру жөніндегі өңірлік ве­домствоаралық штабтың оты­рысын­да қаралды. Жиынға облыс әкі­мі Нұралхан Көшеров, об­лыстық Полиция департаментінің бас­тығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров, құ­қық қорғау органдары мен жауап­ты мемлекеттік меке­ме­лердің бас­шылары қатысты.

2026-2028 жылдарға арналған ке­шенді жоспар аясында жүр­гізіл­ген жұмыстар нәтижесінде есеп­тік кезеңде есірткінің заңсыз ай­налымына қатысты 294 дерек анық­талған. Оның 103-і – қыл­мыс, 191-і – қылмыстық теріс қы­лық. Есірткі сату бойынша – 18, аса ірі көлемде есірткі сақтау бойын­ша – 9, контрабанда бойын­­ша 13 дерек тіркелген. Алай­да бұл көрсеткіштерді тек құ­қық қорғау органдары жұмы­сы­ның нәтижесі ретінде бағалау жет­кіліксіз. Керісінше, жыл ба­сы­нан бері заңсыз айналымнан 953 келі 145,58 грамм түрлі есірткі за­тының тәркіленуі өңірдегі мә­се­ленің ауқымын да аңғартады. Әсіресе синтетикалық есірткіге қатысты жағдай алаңдатады. Арыс қаласында анықталған жасырын зертханадан 1,5 тонна пре­курсор мен шамамен 480 келі сұйық түрдегі мефедрон тәр­кі­лен­ген.

Есірткі бизнесінің ең қауіпті жаңа арналарының бірі – интернет. Жыл басынан бері «Ки­бер­қа­дағалау» жүйесі арқылы син­тети­калық есірткіні жарнамалаған 1 042 интернет-ресурс бұғат­тал­ған. Сонымен қатар есірткі сауда­сына қатысы болуы ықтимал тұл­ғалардың 2002 банк картасы анықталып, олардың айналымына шектеу қойылған.

Өңірде нашақорлықтың алдын алу мақсатында 1 075 про­фи­лак­тикалық іс-шара өткізіліп, оған 104 мыңнан астам адам қам­­­­­тылған. Қоғамдық орындарда есірткі және психотроптық зат­тар­ды медициналық емес мақ­сатта тұтынған 330 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Дегенмен профилактиканың тиім­ділігін іс-шара саны мен қамтыл­ған адам санымен ғана өлшеу жет­кіліксіз. 1 075 іс-шараның  нә­ти­­жесі қандай?

Бұл сұраққа нақты жауап қа­жет. Көшелердегі есірткі жар­нама­сына қарсы 67 рейд өткізіліп, 425 граффити жазбасы жойылған. Бірақ жазуды өшіру мәселенің сыртқы белгісін жою ғана. Оның орнына мұндай жазуларды қал­дырған адамдарды және олардың артындағы ұйымдастыру­шы­лар­ды анықтау маңызды.

Есірткі айналымымен қатар дә­рілік заттарды заңсыз және рецеп­тсіз сату мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Түркістан об­лы­сында 836 дәріхана жұмыс іс­тейді. Биылғы 8 айда дәрілік зат­тарды босату талаптарын бұз­ғаны үшін 20 әкімшілік хаттама тол­тырылып, 4,4 млн теңгеден аса айыппұл өндірілген. «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шара­сы барысында 28 материал тір­келіп, 26 әкімшілік хаттама жа­салған. Алайда бұл бағытта да жұ­мыстың тиімділігін айыппұл кө­лемімен ғана бағалау дұрыс емес.

Түркістан облысындағы құ­қық­тық ахуал есірткі бизнесімен ғана шектелмейді. Сегіз айдың қо­рытындысы бойынша өңірде тір­келген қылмыс саны өткен жыл­дың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 9 пайызға төмендеген. Бұл – оң динамика. Бірақ облыс­тық көрсеткіш жекелеген аумақ­тар­дағы жағдайды толық көрсете ал­майды. Арыс қаласында, Сауран, Шардара және Созақ аудандарында қылмыс деңгейі өскен.

Бұл мәселе «Заң және тәртіп» конс­титуциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында тал­қыланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қылмыс деңгейі өскен аудан-қалаларда оның себеп­тері­не толық талдау жүргізіп, қыл­мыс­ты төмендетуге бағытталған нақ­ты іс-шаралар жоспарын әзір­леуді тапсырды.

Назгүл НАЗАРБЕК, Түркістан облысы