АҚШ пен Украина арасындағы келіссөздер үзілді
АҚШ Украинаға Ресейге жасалған шабуылдарға байланысты ескерту жасады
137
оқылды

АҚШ Украинадан Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді тоқтатуды талап етіп, барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Financial Times хабарлады.

9 қазанда Майамиде өткен сегіз сағаттық келіссөз барысында Дональд Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер осы мәселені көтерген.

Келіссөздер Трамп пен Путиннің ресейлік дизель отынын әлемдік нарыққа жеткізу жөніндегі келісімінен кейін шиеленіскен. Украина делегациясы екінші күнгі кездесуден бас тартқан.

Киев Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы беруді жалғастыратынын мәлімдеді.

Алайда АҚШ өкілі барлау ақпаратын тоқтату туралы қоқан-лоқы жасалғанын жоққа шығарды.