Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан «Жуалы құс» кооперативі – биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысып, несиеге қол жеткізген кәсіпорынның бірі.
Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек
133
оқылды

Бағдарлама арқылы алынған 17 млн теңге қаражатқа күркетауық балапандары мен кәсіпке қажет жабдықтар сатып алынды. Қазір шаруашылық құс етін өндіріп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Кооператив төрағасы Айнагүл Ахмад­бекова мемлекет қолдауы, жұмыс барысы туралы ой бөлісті. Айтуынша, 2017 жылы басталған кәсіпті тынымсыз еңбек арқылы дамытып келеді. Инкубатордың көмегімен құс өсіру, оның етін өндіру бағыты бойынша ізденіп, білім жинаған. Қазір ауыл азаматтарына тәжірибе бөлісіп, оқыту жүргізеді. Сондай-ақ кәсіпкер аудан тұрғындарына балапандарды дайын құрамажеммен бірге сатумен де айналысады. 

Болашақта қаз, үйрек және тауық қауырсындарын өңдеп, жастық өндіретін цех салу жоспарланып отыр. Бұл жоба  құс шаруашылығы қалдықтарын тиімді пайдалануға және қосымша өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Бекбол АМАНГЕЛДІ