Іс-шараға «Әділет» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алмас Сәлімов, партия жанындағы әйелдер қанаты облыстық филиалының жетекшісі Халима Жантөреева, Open Turkistan туристік ақпараттық орталығының басшысы Асқар Әбубәкіров, аудандық мәслихат депутаттары, спортшылар, Shymkent Run Club командасы және қоғам белсенділері қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде Алмас Сәлімов қатысушыларды құттықтап, мұндай бастамалардың бұқаралық спортты дамытудағы, жастардың белсенділігін арттырудағы және Түркістан облысының туристік әлеуетін кеңінен танытудағы маңызын атап өтті.
Марафон аясында партияның қолдауымен теңіз деңгейінен шамамен 4 100 метр биіктікте орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырған альпинистер мен партияның белсенді жастарының жетістігі де атап өтілді. Сапардан аман-есен оралған қатысушылар партия басшылығына көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдірді. Өз кезегінде Алмас Сәлімов альпинистер мен белсенді жастарға ризашылығын айтып, оларды марапаттады.
Жарысқа Түркістан облысынан, Шымкент қаласынан және еліміздің өзге өңірлерінен келген 200-ге жуық адам қатысып, 5 және 8 шақырымдық қашықтықтарда бақ сынады. Сонымен қатар іс-шара барысында ұлттық парктің табиғи байлығын сақтау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы атап өтілді. Табиғи аумақтарды туристік тұрғыда таныту олардың экологиялық тұтастығын қорғаумен қатар жүруге тиіс.
SAIRAM-SU TRAIL 2026 тау жарысы спортты насихаттауға, жастарды белсенді өмір салтына ынталандыруға және Түркістан облысының туристік мүмкіндіктерін кеңінен танытуға бағытталған маңызды бастама болды.
Бекбол АМАНГЕЛДІ
