Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.
Орал тұрғыны әлеуметтік желіде балағат сөз айтқаны үшін қамалды
191
оқылды

Оралда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында бейәдеп сөздер айтылған бейнежазбаны анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Қабылданған  іс-шаралар нәтижесінде бейнежазбаның авторы анықталды. Ол Орал қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты.

Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілерде қарым-қатынас жасау кезінде әдеп нормаларын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге және балағат сөздер қолданудан аулақ болуға шақырады.