Абай жылы – абаттану жылы
Абай жылы – абаттану жылы
306
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада бірқатар кездесулер өткізді. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельмді қабылдаған. Мемлекет басшысы қордың ел­дегі қызметінің негізгі бағыттары, жүзеге асырып жат­қан жо­балары және ұйымның елімізбен арадағы ынтымақ­тастығының перспективасы жайында құлағдар болды. Өкілдік басшысы Қазақстан­дағы цифрландыру, энергетика, дуальді білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары салаларын дамытуға, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару жұмысын же­тілдіруге қатысты ой бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Томас Хельмге өзінің жуырда Гер­манияға жасаған сапарының нәти­желері туралы хабарлап, Қазақ­станның осы елмен жан-жақ­ты ықпалдастықты нығай­туға баса мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет бас­шысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады. Әкім Қ.Тоқаевқа Семей қала­сының әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуы, халықтың әл-ау­қатын арттыру бағытында атқа­рылып жатқан шаралар ту­ралы баяндады. Кездесуде тоқ­тап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, тері-жүн комбинатының жұмысын қайта жүргізу мәсе­лесі қарастырылды. Бұған қоса, радиологиялық орта­лықты пайдалануға беру, жаңа мек­тептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен көшелердің абаттандырылуы сөз болды. Президент Абайдың 175 жыл­дығына арналған мерейтойлық шараларды сапалы өткізуді, ше­телден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы Семейге тарихи орталық мәртебесін беру жөнінде маңызды қадам жасалғанын еске салып, енді музейлер жұмысының сапасын арттыруға, қаланың көрікті жер­лерін абаттандыруға бағыт­талған тиісті шаралар қабылдау талап етілетінін нықтады. Атал­ған нысандар туристер мен қа­ла қонақтары үшін тартымды бо­лып, нақты қызмет етуі тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сәлімовке волонтерлер қозғалысымен бірлесіп, «Семей орманы» аумағында ағаш егу жұмыстарын ұйымдастыру, бұл акцияға жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажетін айтты. Сондай-ақ 5 ақпанда Прези­дент Премьер-Министрдің орын­басары Роман Склярды қа­былдап, Қазақстанда «ашық аспан» жүйесін құру жө­нін­де атқарылған жұмыстар жайын­да ақпаратын тыңдады. Биыл Катар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуекомпаниялары 14 жаңа бағыт ашады деп жоспарлануда. Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елде­рін­дегі авиация саласының бас­шылығымен келіссөздер жүр­іп жатыр.   Ерік ЕРДЕН