Еске салайық, Ұлттық ұлан Академиясын үздік бітірген ол 4 маусымда, Мемлекеттік рәміздер күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алғашқы офицерлік шен алды.
Республика күні: Президент қолынан шен алған Ұлттық ұлан офицері жас сарбаздарды әскери қызметке баулып жүр
93
оқылды

Республика күні қарсаңында Түркістандағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің аға лейтенанты Ғаламат Нышанбек жас сарбаздарға әскери істің негіздерін үйретіп жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске салайық, Ұлттық ұлан Академиясын үздік бітірген ол 4 маусымда, Мемлекеттік рәміздер күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алғашқы офицерлік шен алды.

Биыл Ғаламат Нышанбек Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан Академиясын тәмамдады. Биыл оқу орнының тарихында алғаш рет бес түлек оқу орнын бітіргеннен кейін қызмет өткеру орнына аттанбай тұрып-ақ «аға лейтенант» әскери шеніне ие болды. Оларға алғашқы офицерлік шендерді Мемлекет басшысы табыстаған болатын.

Төрт жыл бойы болашақ офицер әскери істі меңгеріп, оқытушылар мен құқықтық тәртіп әскерлері офицерлерінен сабақ алды. Енді Ғаламат алған білімі мен дағдыларын жеке құраммен жұмыста қолданып жатыр. Ол сарбаздарға әскери қызметтің негіздерін үйретіп, сабақтар өткізеді және күн тәртібінің сақталуын қадағалайды.

Алда жас командирді қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызмет күтіп тұр. Ол жеке құраммен бірге Түркістан тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Биыл еліміздің күштік құрылымдарының қатары 150-ден астам жас офицермен толықты. Түлектер арасында халықаралық ынтымақтастық аясында Ұлттық ұлан Академиясында білім алған Тәжікстан Республикасының өкілдері де бар.