Бастама шетелде жүрген қазақстандық жастардың басын қосып, ұлттық мерекенің маңызын дәріптеуге бағытталған. Әлемнің әр түкпірінде білім алып жүрген студенттер осылайша туған елмен байланысын көрсетіп, Республика күніне арналған мерекелік көңіл күймен бөлісуде.
Шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер Республика күніне орай флешмоб бастады
110
оқылды

Республика күніне орай «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттер арнайы флешмоб бастады. Әлемнің түкпір-түкпірінде оқып жүрген жастар мерекелік бастамаға қатысып, Қазақстанға деген сүйіспеншілігін білдіруде, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Флешмобқа әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық жастар қатысуда. Олардың қатарында АҚШ-тағы Гарвард, Калифорния университетінің Беркли кампусы және басқа да шетелдік университеттердің студенттері бар.