Президент Республика күнімен құттықтаған халықаралық серіктестерге ризашылығын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларына алғыс білдірді
Фото: Ақорда
148
оқылды

Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын.
Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады, – деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.