Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында келесі кезеңге жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақтың іріктеу кезеңінде Қатар өкілі Джафар Ханмен күресуі тиіс еді.
ҚР ҰОК мәліметінше, қарсыласы бозкілемге шықпағандықтан, жеңіс қазақстандық балуанға берілді.
Осылайша Нұрсұлтан Тұрсынов әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) Украина өкілі Максим Люге жол берген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
