Роза Айтматова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген білім қызметкері және қоғам қайраткері.
Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова өмірден өтті
Фото: instagram.com/ aitmatov_official
116
оқылды

Атақты жазушы Шыңғыс Айтматов атындағы қордың Instagram парақшасында оның қарындасы, қоғам қайраткері Роза Айтматованың қайтыс болғаны туралы жазба жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"89 жасында Роза Айтматова өмірден озғанын өкінішпен хабарлаймыз. Роза Төреқұлқызы туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген қордың хабарламасында.

Роза Айтматова – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қырғызстанның еңбек сіңірген білім қызметкері және қоғам қайраткері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.