Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 18-і мерзімінен бұрын аяқталған.
Шавкат Рахмонов UFC-де жеңілмеген спортшылар қатарынан көрінді
198
оқылды

Қазақстандық орта салмақтағы файтер Шавкат Рахмонов танымал MMA Uncensored ресурсының нұсқасы бойынша UFC ұйымындағы жеңіліс көрмеген спортшылар тізіміне ілікті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Sportarena.kz басылымының жазуынша, қазір Рахмоновтың аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында жеңіліс жоқ.

"UFC-дің төрт файтері әлі де мінсіз көрсеткішке ие! Америкалық Джош Хокит (10-0), эквадорлық Майкл Моралес (19-0), қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) және америкалық Томми Макмиллен (12-0) ММА-дағы кәсіби мансабында әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген", – деп жазды MMA Uncensored.

Жинақ авторлары қарсыластар деңгейі өскен сайын жеңіліссіз көрсеткішті сақтап қалу спортшылар үшін қиындай түсетінін де атап өтті.

Шавкат Рахмонов кәсіби мансабындағы 19 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, оның 18-і мерзімінен бұрын аяқталған. Нақты айтсақ, 8-ін нокаутпен, тағы оншақтысын қарсыласын берілуге мәжбүрлеу арқылы жеңген.

Қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жалғыз жеңісіне әзірге соңғы жекпе-жегінде қол жеткізді. Ол 2024 жылғы желтоқсанда UFC 310 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, оның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне айналды. Содан бері Рахмонов октагонға шыққан жоқ.