Қазір олардың ішкен ішімдік құтысы сараптамаға жіберілген. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
«Есінен танып, ауруханаға түскен»: Петропавлда 75 жастағы зейнеткер арақтан уланып, көз жұмды
фото: www.istockphoto.com
118
оқылды

Петропавлда 75 жастағы зейнеткер арақтан уланып, қайтыс болған. Ол шімдік ішкен бойда есінен танып ауруханаға түскен екен,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға осыдан бір жұмадан бұрын болған. Спирттік ішімдік ішкен үш адам бірінен соң бірі ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Бәрінен қатты уланудың белгілері байқалған. Тынысы тарылып, құсып, есінен шатасқан. Тіпті, науқастар туған-туысын танымаған. 

Артынан  үшеуінің қоқыс жәшігінен тауып алған спирттік тұнбаны ішкені анықталды. 52 жастағы ер адам ауруханаға түскеннен кейін, бірнеше сағаттан соң көз жұмса, қасындағы 48 жастағы екінші науқас келесі күні қайтыс болды.

Дәрігерлердің айтуынша, аман қалған 75 жастағы зейнеткердің сегіз күннен бері беті қарамаған. Ол жансақтау бөлімінде жатып, өкпені жасанды желдету аппаратына да қосылған болатын.