Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады.
Жолдау-2026: Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет
189
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі. Қазіргі таңда логистика мәселесімен барлық елдер айналысуда. Дамыған көлік логистикасы болмаса, тіпті, бүгінгі күшті ел ертең құрдымға кетеді.

Келесі жылы елімізде «Бақты – Аягөз» теміржол желісі іске қосылады. Жаңа бағыттың арқасында Қытаймен арадағы жүк өткізу мүмкіндігі 20 миллион тоннаға артады.

Тамыз айында «Арал – Каспий» күре жолының құрылысы басталды. Бұл жоба Транскаспий дәлізінің қашықтығын шамамен 1 мың шақырымға қысқартып, жүк жеткізу мерзімін үш күнге дейін азайтады.

Үкімет осы салада қолға алынған барлық жобаның сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауға алады», – деді Мемлекет басшысы.