Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Фото: Ақорда
227
оқылды

Түркия Республикасына ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорда жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысының келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеді. Сарайға келген сәтте Президент кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алды. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары орындалып, зеңбіректен 21 дүркін оқ атылды. 

Екі елдің көшбасшылары Құрмет қарауылы алдынан жүріп өтіп, бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. 

Содан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.