Астана қаласында әйелдер күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының кезекті жүлделері сарапқа салынып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстан командасының өкілі - жастар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері Нилуфар Раимова (-57 кг) 3-орын үшін белдесуде Олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін жүлдегері, 4 дүркін әлем чемпионы тәжірибелі Хелен Марулиспен күш сынасты. Белдесу нәтижесінде америкалық палуан басымдық танытып, қола жүлдеге ие болды.
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметі мәліметінше, кеше Раимова жарысты 1/8 кезеңнен бастады. Әуелі Ресей өкілі Анастасия Яндушкинді айқын басымдықпен жеңген. Ширек финалда Олександра Холомецтің (Украина) жауырынын жерге тигізді. Алайда келесі кезеңде жапон бозкілем шеберіне есе жіберді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
