Келіссөз барысында екі ел басшылары көлік-логистика, энергетика, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.
Тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниеттіміз – Ердоған
Фото: Ақорда
137
оқылды

Түркия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты және бауырлас қазақ халқын Республика күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

 Режеп Тайип Ердоған жақында Анкарада қазақ мемлекеттілігінің тарихына арналған «Құрылтай феномені» кітабының тұсаукесері өткенін айтты. Бұдан бөлек, «Наурыз – түркі әлемінің ортақ мұрасы» кітабы қазақ тіліне аударылды.

– Биыл мамыр айында Астанаға жасаған сапарым барысында бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойдық. Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің келесі отырысында өзара қарым-қатынасты нақты қадамдармен бекіте түсеміз. Біз тауар айналымын 15 миллиард долларға жеткізіп, инвестициялық байланыстарды жандандыруға ниеттіміз, – деді Түрік елінің басшысы. 

Келіссөз барысында екі ел басшылары көлік-логистика, энергетика, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия президенттері кеңейтілген құрамда  келіссөз жүргізгенін жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.