Жамбылға қырғыздан қауіп төніп тұр
Жамбылға қырғыздан қауіп төніп тұр
199
оқылды
Жамбылда коронавирус жұқтырған адам саны үшке жетті. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингтте об­лыс әкімдігі Денсаулық сақ­тау басқармасының бас­шысы Марат Жұманқұлов мәлім етті. – 27 наурыздағы жағдай бо­йын­ша Жамбыл облысында ко­ро­­навирус инфекциясын жұқ­­тырған науқастар саны 3 адам­ға артты. Бұған дейін Шу ауда­нын­дағы бір тұрғыннан індет та­­былған болатын. Кешегі тәу­лік ішінде та­ғы 2 азаматтан коро­­навирус анық­талып отыр. Олар­дың үшеуі де Қырғыз мем­лекетінен келген. Алайда әр­қайсысы әр күні, әр уа­қытта ел ше­карасынан өт­кен­дік­тен, бір-бі­рімен бай­ланысы жоқ. Кейін тіркелген екі азамат – Қор­д­ай ауданының тұрғындары. 24 пен 46 жаста. Бас мемлекеттік са­нитарлық дәрігердің 2020 жылғы 22 нау­рыздағы №26 қаулысына сәйкес, дерт жұқтырғандардың барлығы дер кезінде карантинге алынып, олармен байланысқа түскен адам­дар да оқшауланды. Қазіргі таңда коронавирус жұқ­тырғандардың барлығының жағдайы қалыпты. Барлық қа­жетті эпидемияға қарсы іс-ша­ралар жүргізілуде. Сондай-ақ анық­тал­ған науқастардың ме­кен­жайы бойын­ша да дезин­­фекциялық өң­деу жұмыс­тары қолға алынды, – деді М.Жұманқұлов. Коронавирус індетінен елі­мізде бір азаматша көз жұмды де­ген ақпарат әлеуметтік желіде жел­дей ескен болатын. Бүгін об­лыстық тауарлар мен көр­сетілетін әртүрлі ақпарат қыз­меттердің са­пасы мен қауіпсіз­дігін бақылау де­партаменті атал­ған жайтқа қа­тысты мән-жай­дың аны­ғын айтты. Марқұм каран­тин­ге алын­ғанға дейін 15-18 нау­­­рыз ара­­лығында Шу мен Меркі ау­дан­­дарында қонақта бол­­ған екен. Осы­ған орай, қазір нау­қас­пен бай­ланыста болған шу­лық 3, меркілік 6 азамат оқшау­ла­нып отыр. Аталған елді мекен­­дерде сақтық шаралары мен тұр­­ғын­­дар­дың бір жерге шоғырлан­бауына қа­тысты бақылау жұмыс­тары кү­шейтілуде.  

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы