Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.
ҚР ҰОК мәліметінше, финалда қазақстандық спортшы Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.
Қайша Жәнібек күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол сабля бәсекесінің финалында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
