Әлемнің бірінші ракеткасы ширек финалға шықты.
Елена Рыбакина Токио турнирінде қанша табыс тапты?
150
оқылды

Токиодағы турнирде Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны жеңгені үшін қандай табыс тапқаны белгілі болды – әлемнің бірінші ракеткасы ширек финалға шықты,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Sportarena.kz.-ке сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Рыбакина бұл жеңісі үшін 33 475 доллар жүлдеге ие болған. Яғни, 15 млн 171 мың теңге иеленді. Сонымен қатар қазақстандық спортшының еншісіне 108 рейтингтік ұпай қосылды. Оның үстіне, WTA 500 финалисіне 114,5 мың доллар берілетіні хабарланған. Ал Japan Open жеңімпазы 185,5 мың доллар, сондай-ақ ассоциация рейтингіне 500 балдық ұпай алады.

Еске сала кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны ұтты. Осылайша, Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша WTA әлемдік рейтингіндегі бірінші орынды сақтап қалатыны белгілі болды.