Қазақстанда қызметкер жұмыстан өз еркімен кеткен жағдайда да жұмыс беруші онымен толық есеп айырысуға міндетті.
Жұмыстан өз еркімен кеткен адам қандай төлемдер алуға құқылы
52
оқылды

Еңбек шартының тоқтатылуы қызметкердің бұрын атқарған жұмысы үшін төленуге тиіс ақшасынан айырылатынын білдірмейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші қызметкерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін еңбекақы төлеуге және пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының күндері үшін өтемақы беруге міндетті. Егер еңбек шартында немесе жұмыс берушінің актілерінде басқа да төлемдер қарастырылса, олардың төлену тәртібі де ескеріледі.

Қызметкердің бастамасымен еңбек шартын бұзу кезінде, заңда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, жұмыс берушіні кемінде бір ай бұрын хабардар ету талабы қолданылады. Тараптар өзара келіскен жағдайда еңбек шартын бұдан ертерек тоқтатуы мүмкін.

Жұмыс беруші еңбек шарты тоқтатылғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қызметкерге тиесілі сомаларды төлеуге тиіс. Егер бұл мерзім бұзылса, заңда көзделген өсімпұл есептеу мәселесі туындайды.

Кейде қызметкер жұмыстан өз еркімен кеткендіктен, оған еңбек демалысы үшін өтемақы төленбейді деген түсінік кездеседі. Бұл дұрыс емес. Пайдаланылмаған демалыс күндері үшін өтемақы еңбек шартын тоқтатудың негізіне қарамастан төленуге тиіс.