– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке жыл соңына дейін цифрлық жұмыспен қамтудың оңайлатылған құқықтық режимін қалыптастыру міндетін қойды. Ол үшін кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын жекеменшік маркетплейстердің, банктердің, логистикалық компаниялар мен цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен ұштастыру қажет.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанда 35 интернет-платформа операторы арқылы қызмет көрсететін 956 мыңға жуық орындаушы болған. Алдағы уақытта платформалық экономикаға тартылған адамдардың саны геометриялық прогрессиямен өседі.
Платформалық жұмыспен қамтылған азаматтардың құқықтарын қорғау «Әділет» партиясының алдағы жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында да тікелей бекітілген. Партия жұмыспен қамтудың икемді нысанын сақтай отырып, платформа қызметкерлерінің базалық әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету, әлеуметтік төлемдерді жүзеге асырудың және платформа мен орындаушы арасындағы жауапкершілікті бөлудің ашық тәртібін белгілеу міндеттемесін алды, – деді ол.
Оның айтуынша, платформалық жұмыспен қамту қолданыстағы модельдің елеулі осал тұстары табылған.
– Мәселен, Yandex Go сервисіндегі техникалық ақау салдарынан такси жүргізушілері мен курьерлер тапсырыс қабылдап, табыс табу мүмкіндігінен уақытша айырылды. Сондай-ақ олардың тапқан ақшасын шығарып алу кезінде қиындықтарға тап болғаны туралы хабарламалар түсті.Бұл жағдай бір ғана жеке цифрлық платформаның техникалық ақауы жүздеген мың азаматтың жұмыспен қамтылуы мен табысына тікелей әсер етіп, олардың бір мезетте жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылуын көрсетті.
Сондықтан платформалық жұмыспен қамтудың Қазақстанның еңбек нарығына төндіретін тәуекелдеріне кешенді бағалау жүргізуді және цифрлық платформалардағы жаппай техникалық ақауларға назар аудару жөніндегі ведомствоаралық жоспар әзірлеу қажет. Мемлекеттік органдар мен операторлардың өзара іс-қимылының, азаматтарды шұғыл хабардар етудің, тапсырыстарға қолжетімділікті қалпына келтірудің нақты алгоритмін, берешекті жедел өтеуді және зардап шеккен орындаушыларға арналған ерікті өтемақы бағдарламаларын көздеу керек. Үшіншіден, цифрлық платформа операторларымен бірлесіп, ұзаққа созылған ақаулар кезінде орындаушыларды қорғаудың практикалық тетіктерін пысықтау керек.
Мемлекет басшысы қойған цифрлық жұмыспен қамтуды дамыту міндеті кешенді түрде шешілуге тиіс: азаматтың цифрлық платформа арқылы табыс табу мүмкіндігімен қатар осы табыс көзінің сенімділігіне деген сенімі де болуы қажет. «Әділет» партиясының фракциясы өз тарапынан цифрлық экономикада жұмыспен қамтылған азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады, – деді ол.
