Құжатты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі әзірледіЖаңартылған стандарт сауда қызметтеріне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен қатар құжатта алғаш ретәлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының көтерме жеткізушісіжәнетиімсіз делдалұғымдарының аражігі ажыратылды
Айта кетейік, министрліктің негізгі міндеттерінің бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушіден тұтынушыға жеткізу барысында артық делдалдарды азайту. Себебі кейбір делдалдар тауарды сақтамай, тасымалдамай немесе басқа да қызмет көрсетпей, тек қайта сату арқылы оның бағасын қымбаттатуы мүмкін.
Жаңа стандарт нақты қызмет көрсететін көтерме жеткізушілер мен тауарды ешқандай қосымша жұмыс атқармай қайта сататын делдалдарды ажыратуға мүмкіндік береді.
Стандартқа сәйкес, көтерме жеткізушітауарды өндірушіден, импорттаушыдан немесе басқа көтерме жеткізушіден сатып алып, оны әрі қарай сататын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға. Бұл ретте тауар бағасына нақты көрсетілген қызметтерге байланысты шығындар қосылуы мүмкін. Мәселен, тауарды тасымалдау, сақтау, жеткізу, қойманы жалға алу, тиеу және түсіру, қаптау, коммуналдық төлемдер.
Ал тиімсіз делдал– тауарды сақтау, тасымалдау, өңдеу, қаптау немесе тұтынушыға жеткізуге байланысты нақты қызмет көрсетпей, оны тек қайта сатумен айналысатын кәсіпкерлік субъектісі.
Стандарттың 4.4-тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу тізбегіне нақты шығындары арқылы қосымша құн қалыптастыратын көтерме жеткізушілер ғана қатыса алады. Ал ешқандай нақты қызмет көрсетпейтін тиімсіз делдалдардың мұндай тізбекке қатысуына жол берілмейді.
Жаңартылған стандарттың мақсаты – азық-түлік бағасының қалыптасуын ашық ету, адал бәсекелестікті дамыту және тауардың өндірушіден тұтынушыға дейінгі жолындағы артық делдалдарды қысқарту.
Бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуін тежеуге, жеткізу жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
