Ержан Саденов Астанада БҰҰ-ның өңірлік орталығын құруды ұсынды.
БҰҰ Қазақстанның Астанада өңірлік орталық құру туралы бастамасын қолдады
Фото: gov.kz
100
оқылды

Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру бастамасын көтерді. Конференцияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өңірлік орталығын құру туралы бастама көтерді. Орталықтың қызметі Қазақстанды ғана емес, бүкіл Еуразия өңірін қамтиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Бізге бірлескен талдау жұмысы қажет. Жекелеген қылмыстарды ғана емес, трансұлттық қылмыстық схеманы тұтастай көре білуіміз керек. Қылмыстық топтардың өзара қалай байланысатынын, ұрланған қаражаттың қалай қозғалатынын және қандай жаңа қауіп-қатерлер туындайтынын түсіну маңызды. Осы мәліметтер негізінде бірлескен шешімдер қабылдауымыз қажет, – деді министр.

БҰҰ басшылығы аталған бастамаға оң көзқарас білдірді. Құрылуы жоспарланып отырған орталық қызметінің негізгі бағыттары – киберқауіптерге терең талдау жүргізу, тәжірибе алмасу, қылмыстарды тергеу жұмысын жетілдіру және мамандар даярлау.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.