«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметтерге сәйкес, бүгін Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жаңбыр мен дымқыл қар жауады. Еліміздің негізгі мегаполистерінде ауа райы құбылмалы болмақ.
Бүгінгі ауа райы болжамы: Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен дымқыл қар жауады
Фото: iStock
111
оқылды

Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен дымқыл қар жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астанада: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +7...+9°C.

Алматыда: күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +11...+13°C.

Шымкентте: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.