Украина Президенті АҚШ пен басқа да серіктестерін әуе қорғанысын күшейтуге көмектесуге шақырды.
Ресей Украинаға 36 баллистикалық зымыран ұшырған: оның төртеуі ғана атып түсірілді
40
оқылды

7 қарашаға қараған түні Ресей Украинаға 36 баллистикалық траекториямен ұшатын зымыранмен шабуыл жасады. Украина әуе қорғанысы олардың тек төртеуін ғана атып түсірген, деп хабарлайды Aikyn.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.

Украина Президенті Владимир Зеленский елде америкалық Patriot әуе қорғанысы жүйесіне арналған зымырандардың тапшылығы бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәселені шешуге ең алдымен АҚШ көмектесе алады. Украина билігі зымыран жеткізілімін жеделдетуге күш салып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Ресей Украинаның маңызды энергетикалық нысандарының біріне Солтүстік Кореяда өндірілген KN-23 баллистикалық зымырандарын қолданған.

Зеленский Ресейдің шабуылдарды күшейтуі алдағы келіссөздер қарсаңында Украина мен оның халықаралық серіктестеріне қысым жасауға бағытталған деп есептейді.