АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс 2028 жылғы президент сайлауы қарсаңында Дональд Трамптан ерекшеленетін жеке саяси ұстанымын қалыптастыруға кірісті, деп хабарлайды Aikyn.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Республикашылдар Конгрестегі аралық сайлауда жеңілгеннен кейін Вэнс елдегі экономикалық мәселелерге, халықтың тұрмыс құнына және сыртқы саясатқа көбірек назар аудара бастаған. Ол республикашылдардың жеңілісіне Иранмен соғыстың әсер еткенін айтып, әскери қақтығысты тезірек аяқтауға шақырды. Сондай-ақ АҚШ-тың Израильмен қарым-қатынасын қайта қарау қажеттігін мәлімдеді.
Reuters мәліметінше, Вэнс соңғы сайлауалды кездесулерінде Трамптың есімін сирек атап, өзінің саяси басымдықтарын алға шығарған.
42 жастағы Джей Ди Вэнс 2028 жылғы президент сайлауында республикашылдардың ықтимал кандидаттарының бірі саналады. Алайда ол әзірге сайлауға түсетінін ресми жариялаған жоқ. Дональд Трамп та ешбір кандидатқа қолдау білдірмеген.
