Жарыс жасөспірімдер санатында өтті
Қазақстандық велошабандоз жүлделі орынға ие бола алмады
229
оқылды

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы велоспорттан ұлдар арасында топтық жарыс мәресіне жетті.

Бұл сайыста Қазақстан намысын Глеб Новиков қорғады.

Отандасымыз 76,5 шақырым қашықтықты 1 сағат 48 минут 3 секундта жүріп өтіп, 22-ші болып мәре сызығын кесті. Ол жеңімпаздан 59 секундқа қалып қойды.

Жарыста бельгиялық Даан Вилмсен топ жарып, алтын медаль иеленді. Оның нәтижесі – 1:47:04. Ресейлік Степан Бортник күміс жүлдеге қол жеткізсе, аустралиялық Калеб Маккензи қола медаль жеңіп алды