8 қараша күні кешке Ресей әскері Украинаның Полтава облысындағы Кременчуг қаласына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасады, деп хабарлайды Aikyn.kz УНИАН агенттігіне сілтеме жасап.
Қала билігінің мәліметінше, дрондар екі нысанға түскен. Көпқабатты тұрғын үй мен қонақүй ғимараты зақымданып, өрт шыққан.
Шабуыл салдарынан 7 адам зардап шекті. Олардың арасында ауыр жарақат алған 16 жастағы жасөспірім бар. Ол ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар оқиға орнынан 15 адамды құтқарған. Төтенше жағдай қызметтері шабуылдың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Украина билігі зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпаратты нақтылауда.
