Теміржол қызметі пойыз қозғалысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Екі пойыз соқтығысып, 7 адам қаза тапты: 100-ден астам адам жарақат алды
83
оқылды

Мысырда жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан кемінде 7 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 қарашада Каир қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 52 шақырым жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Файюм провинциясына бағыт алған пойыз Асуанға бара жатқан екінші пойызбен соқтығысқан. Соққы салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мысыр Президенті Абдель Фаттах ас-Сиси апаттың себептерін шұғыл анықтап, кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды.