Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.







Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындарындағы және V Азия параойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін нмарапаталды:
«Парасат» орденімен
Берульцева Софья Полихроновна – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы;
«Құрмет» орденімен
Луценко Алексей Александрович – шосседегі велоспорттан жекелей жарыстың және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Проходов Кирилл Дмитриевич – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сертай Ерлік Асқарұлы – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Чернухин Иван Сергеевич – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Яковлев Владислав Павлович – академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Биғабыл Жоламан Қуанышбекұлы – каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласы
Бүркіталин Еркінғали Аманғалиұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы
Ермұханбет Наиль Мадьярұлы – паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Калаус Анастасия Андреевна – паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа жарыстың және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері, Астана қаласы
Кенжебек Диас Ерболатұлы – паражүзуден алтын медаль иегері, Астана қаласы
Құлмырза Бексұлтан Нұрланұлы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Нұрмаханұлы Ибрагим – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сейілбекова Ақтолқын Елтайқызы – парадзюдодан алтын медаль иегері, Астана қаласы
Сұлтанова Рината Станиславовна – шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Тоқсанбаева Ясмина Тұрсынқызы – жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы, Астана қаласы
Тілеулес Тамирлан Мұхтарұлы – таеквондодан алтын медаль иегері, Алматы қаласы
Шарлаимов Вадим Вадимович – семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегері, Астана қаласы
Шынбаев Қадырбек Айбекұлы – аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегері, Ақтөбе қаласы;
