Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.
Астанада Есіл өзенінің жағасынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды
102
оқылды

Астанада Есіл өзенінің жағасынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

Әлеуметтік желілерде Есіл өзенінің бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған. Полиция бұл деректі растап, марқұмның жеке басы анықталғанын хабарлады. Ол елордада тұрған 56 жастағы ер адам болып шықты.

– Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді Астана қаласының Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның өлімінің нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.