Дәл осындай тұшымды ойды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қайрат Кереев, Диас Инкибаев және Жеңіс Жолдыбаев кезекті кездесуде сөз етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл жолы кандидаттар үстел теннисі өкілдерімен жүздесті.
Партияның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты таразыланған жиында Қайрат Кереев алғысөз сөйлеп, саяси ұйымның 2031 жылға дейін өңірде атқаратын жұмыстарын таразылады. Айтуынша, облыста тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін бар жағдай жасалмақ.
– Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасындағы басты басымдықтар – халықты жайлы тұрғын үймен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, орта бизнесті дамыту және орта тапты нығайту, ауылдағы еңбектің табыстылығын арттыру, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірді жаңа экономиканың талаптары мен болашақ мамандықтарына дайындау, – деді спикер.
Мұнан соң сөз алған Диас Инкибаев ауыл шаруашылығын ілгерілендіру турасындағы партия бастамаларын баян етті.

– Өңір ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, өнімді қайта өңдеу көлемін кеңейтуге, суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізуге және ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға елеулі әлеуетке ие. Біз агроөнеркәсіптік кешен саласында 9 инвестициялық жобаны іске қосамыз. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының 648 кәсіпкерлік жобасын іске асырамыз, – деді спикер.
Жиын соңында спорт өкілдері партия басымдықтарына разылығын жеткізіп, алдағы саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтынын жеткізді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Орындаған:
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
