Ұлытау және Жамбыл облыстарында өткен кездесуде Мемлекет басшысының Жол­дауында белгіленген басымдықтар талқыланды.
Жолдау басымдықтары басты назарда
106
оқылды

Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және вице-министрлер тұрғындармен жүздесіп, әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру, кәсіпкерлік, цифрлық технологиялар мен су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелеріне тоқталды. Тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Кездесулер ашық диалог форматында өтті.

Ұлытау облысында Құрылтай де­пу­таты Дархан Ахмедиевтің, Қазақстан Ха­лық Кеңе­сінің мүшесі Аманжол Әл­тай­дың, Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау вице-ми­нистрі Эльдар Күзен­баев­тың өңір тұр­ғындарымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шы­сының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа та­рихи кезеңдегі Қазақстанның өзек­ті мін­деттері» атты Қазақстан хал­қына Жолдауында бел­гіленген негізгі ба­­­сымдықтар тал­қы­лан­ды. Қатысушылар цифрлық трансформация, жасанды ин­тел­лектіні дамыту, халықтың әл-ауқатын арт­тыру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, әлеуметтік инфрақұрылымды жаң­ғыр­ту және адами капиталды дамыту мә­селелеріне баса назар аударды.

Әлеуметтік инфрақұрылым жаңғырады

Спикерлер Жолдау жүктеген міндет­тер­ді өңірдің экономикалық және әлеу­мет­тік ерекшеліктерін ескере отырып іс­ке асырудың маңыздылығына тоқтал­ды.

– Мемлекет басшысының Жолдауы ел дамуының стратегиялық бағдарларын ай­қындап, экономиканы нығайтуға, ха­лық­тың өмір сүру сапасын арттыруға жә­не мемлекет­тік басқару жүйесін жаң­ғыр­туға бағытталған. Осы бастамалардың өңірлік деңгейде жүйелі әрі нәтижелі жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бар­ша­мыздың ортақ міндетіміз, – деді Құрыл­­тай депутаты Дархан Ахмедиев.

Өңірді дамытуға бағытталған маңыз­ды бас­та­малардың бірі – әлеуметтік инф­ра­құры­лым­ды кешенді жаңғыртуды көз­дейтін «Халықтық құрылыс» бағ­дар­ла­масы. Бағдар­лама аясында облыста жаңа білім беру, ден­саулық сақтау, спорт жә­не мәдениет ны­сандарын салу жос­пар­ланып отыр. Бұл әлеу­меттік қыз­мет­тер­дің қолжетімділігі мен са­пасын арт­ты­рып қана қоймай, өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға да мүмкіндік бе­реді.

Кездесу барысында тұрғындар әлеу­мет­тік қолдау шаралары, медицина қыз­мет­кер­лерінің еңбекақысы, педагог­тер­дің әкімшілік жүк­темесін азайту, сондай-ақ өңірдің эко­логиялық және техно­ло­гия­лық мәселелеріне қатысты сауал­да­рын ортаға салды. Су ре­сурстарын тиімді пай­далану және цифрлық инфра­құры­лым­ды дамыту жолдары да талқыланды.

Қазіргі уақытта Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмалары мен Үкіметтің қол­дауы аясында Ұлытау облысында 30-ға жуық ірі әлеуметтік және инф­ра­құры­лым­дық ны­санды жаңғырту жұмыстары жүр­гізілуде.

Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арт­тыру бағытында да бірқатар жоба жү­зеге асы­рылуда. Атап айтқанда, негізгі те­­­міржол вок­залдарын жаңғырту жұ­мыс­тары аяқта­лып, Жезқазғанды Қызылорда, Ар­қалық және Қарағанды қалаларымен бай­ланыс­тыратын стратегиялық маңызы бар авто­мо­биль жолдарын салу және жөн­деу жұмысы жалғасып жатыр. Атал­ған жобалар көлік қа­тынасын жақсартуға, жүк және жолау­шы­лар тасымалының тиім­ділігін арттыруға, сон­дай-ақ өңірдің ин­­вестициялық тартым­дылығын кү­шей­туге бағытталған. 

Бұдан бөлек, облыста денсаулық сақ­тау, білім беру және спорт инфрақұры­лы­мын дамыту бойынша кешенді жұ­мыс­тар қолға алынған. Бұл жобалар бюд­жет қара­жаты есе­бінен және Са­мұрық-Қа­зына АҚ, Qarmet АҚ, Қа­зақ­мыс кор­пора­ция­сы мен Zhyly Zhu­rek қорының қол­дауымен жү­зеге асы­рылуда. Жоспарланған жұ­мыс­тар аясында өңір­дің қалалары мен ауыл­дарында ауру­ханалар, емханалар, ба­ла­бақшалар, инклюзивті және оңалту ор­та­лық­тары, заманауи спорт ке­шендері мен Конгресс-орталығының құры­лысы жүр­гізілуде.

Аталған бастамаларды іске асыру өңір­дің әлеуметтік инфрақұрылымын же­тілдіруге, халықтың өмір сүру сапасын арт­тыруға, жаңа жұмыс орындарын ашу­ға және Ұлытау облы­сының әлеуметтік-эко­номикалық әлеуетін нығайтуға мүм­кіндік береді.

Кездесу соңында спикерлер тұр­ғын­дар­дың сауалдарына жауап беріп, көте­ріл­ген мәселелер бойынша жан-жақты тү­сі­ніктеме берді.

Су қорын сақтау – өзекті міндет

Құрылтай депутаты Әбілхайыр Тама­бек Жамбыл облысының тұрғындарымен кезде­сіп, Мемлекет басшысының Жол­дауын­да белгіленген міндеттерді тү­сін­дірді. Кездесуде өңірдің агроөнеркәсіп са­­л­асының өкілдері Жолдаудағы басым ба­ғыттар мен жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелер бойын­ша өз ұсыныстарын жеткізді.

Жиынға Қазақстан халық кеңесінің мү­шесі Уәлихан Болатбек, Ауыл шаруашылығы, Энер­гетика, Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау, Су ресурстары және ирригация, Ұлт­тық экономика вице-министрлері де қатыс­ты.

Агроөнеркәсіп кешенінің өкілдерімен өткен кездесуде ауыл шаруашылығының әлеуетін арттыру, су ресурстарын тиімді пай­далану, өндірісті жаңғырту, ауыл шаруа­шы­лығы тауарын өндірушілерді қолдау және ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кө­терілді.

Жамбыл облысы үшін агроөнеркәсіп кешені – экономиканың маңызды сала­лары­ның бірі. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнім­дерін өндірумен қатар, оларды өңдеу, сақ­тау және нарыққа шығару жұмыстарын жетілдіру де өзекті.

Депутат Әбілхайыр Тамабек өңірдегі су ресурстарын тиімді пайдалану мәселе­сіне ар­найы тоқталды.

– Жамбыл облысы – жерасты суларын пай­да­лану көлемі бойынша респуб­ли­ка­дағы алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі. Об­лыс аумағының үштен бір бөлігінде тұрғындар мен шаруашылық нысандары жерасты суын пайдаланады. Алайда бұл қор шексіз емес. Сондықтан су ре­сурс­тарын үнемді пайдалану және сақтау жол­дарын қазірден бастап қарас­тыруы­мыз қажет. Мемлекет басшысы Жол­дауын­да су ресурстарын есепке алу негі­зін­де Ұлттық су ресурстарының ақпа­рат­тық жүйесін құру жұмыстарын же­дел­детуді тап­сырды. Бұл жүйе суды тиімді пай­далануға, сондай-ақ су құбырлары мен жеткізу желі­леріндегі шығынды азай­туға мүмкіндік бере­ді, – деді депутат.

Жиынға қатысушылар аграрлық саладағы өзгерістер шаруашылықтардың дамуына және ауыл тұрғындарының та­бысын арт­тыру­ға ықпал етуі керектігін атап өтті. Соны­мен қатар өңірдегі ауыл шаруа­шылығын да­мыту және саладағы мә­селелерді шешу жол­дарын қарас­тыр­ды.

Ә.МҰХАНБЕТ