Қазақстан құрамасы Қытайдың Нинбо қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады. Байрақты бәсекеде ел намысын жеті спортшы қорғаған еді. Жарыс қорытындысы бойынша отандастарымыз бір күміс медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатын күміс медальмен аяқтады
80
оқылды

Құрама қоржынына жалғыз жүлдені 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы салды. Ол жұлқа көтеруде 182 келіні, ал серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қос сайыс нәтижесінде 399 келіні көтерген қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар Нұрғиса Әділетұлы жұлқа және серпе көтеру жаттығуларының екеуінде де екінші орын алып, тағы екі кіші күміс медаль иеленді. Нұрғиса 2022 жылы күміс жүлдеге ие болса, 2024 жылы әлем чемпионы атанған еді. Биыл қыркүйекте Аичи және Нагояда (Жапония) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді. 

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының сапында ең жоғары нәтижеге Алексей Чуркин қол жеткізді. Ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орын алып, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Любовь Ковальчук 86 келіден жоғары салмақта алтыншы орынға тұрақтаса, Артем Антропов 110 келіге дейінгі салмақта сегізінші орын алды.