Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
9 қарашада Қазақстан атынан Ақнұр Тұрсынғали шаршы алаңға шықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Сенегал өкілі Хадидиату Буаромен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
