Әйелдер арасындағы «скит» жаттығуының финалында қазақстандық спортшы 5-орынға ие болып, 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін XXXIV жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға арналған лицензиялық жолдаманы жеңіп алды. Бұл жетістіктің еліміз үшін маңызы – 2028 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға жеңіп алынған алғашқы олимпиадалық жолдама.
Катардың Доха қаласында оқпен және стенд атудан ISSF әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғаспақ. Додаға әлемнің 90 елінен 1000-нан аса спортшы қатысып жатыр. Еліміздің атынан 12 спортшы стенд атудан, ал 18 спортшы нысана көздеуден бақ сынап жатыр.
